Наверх

Погода в Астане:28 сентября, вечер: +14° 4 м/с29 сентября, ночь: +11° 4 м/с29 сентября, утро: +8° 6 м/с29 сентября, день: +11° 3 м/с

Жас ақмолалықтар қоян-қолтық ұрыстан жеңіспен оралды

1163
Фото:

Жерлестеріміз екі алтын, екі күміс және төрт қола медальді  еншілеп қайтты деп хабарлайды өңірдегі тілшіміз Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

 Қостанай қаласында қоян-қолтық ұрыстан өткен республикалық турнирде мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері сегіз наградаға ие болып, жақсы нәтиже көрсетті. Ақмола облысының қоян-қолтық ұрыс Федерациясының атынан 12-13 жас категориясы бойынша  39 келі салмақта өнер көрсеткен Мәди Ғалиакбар және 10-11 жастағы балалар арасында  42 келі салмақта сайысқа түскен Томирис Молдашева жүлделі бірінші орынды жеңіп, алтын медаль алды. 

55 келі салмақта 12-13 жастағы категория бойынша өнер көрсеткен Роман Павловский мен балалар арасында 36 келі салмақта 10-11 жас аралығындағылармен күш сынасқан Абылай Жантасов күміс медальға қол жеткізді. Ал 42 келі салмақта Қайыржан Нұрсәт, Ескендір Мәліков, Арман Төлебаев, 8-9 жастағылармен сайысқан 42 келіден жоғары салмақта Самир Сүйіндіков қола медальді еншіледі. Балаларды Дархан Қасымов жаттықтырады.

 

 

Оценить материал
0