Наверх

Погода в Астане:28 сентября, вечер: +14° 4 м/с29 сентября, ночь: +11° 4 м/с29 сентября, утро: +8° 6 м/с29 сентября, день: +11° 3 м/с

Телеарна тілшісі «Тэфи-Достастық» фестивалінің жеңімпазы

912
Фото: obk.kz

«Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «Тэфи-Достастық» халықаралық фестивалі өтті. Аты әлемге мәлім телевизиялық фестивальдің ұйымдастырушылары «Ресей Телевизиялық Академиясы» және бірқатар халықаралық ұйымдар болып табылады. Фестиваль барысында Ақмола облыстық «Kokshe» телеарнасының Қазақстанның   Еңбек Ері  Иван Адамович Сауэр туралы түсірген «...рожденный, быть успешным!» телеочеркі үздік  жүлделі орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды»,– деп хабарлайды осы өңірдегі тілшіміз.

 

    Жас журналист Юрий Обердиенконың телешығармасында өңірге белгілі азаматтың ауылшаруашылығы саласындағы еңбегі туралы әңгіме өрбіп, елімізге әйгілі агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі тынысы сәтті бейнеленеді. Жыл сайын ТМД елдері және шетелдік телевизиялық компаниялар арасында өткізілетін халықаралық байқау биыл тұңғыш рет Ташкент қаласында ұйымдастырылды. Белгілі байқауға 12 елден 13 жұмыс іріктеліп алынған. Жергілікті телеарна тілшісімен бірге Әзербайжан, Армения, Беларусия, Қырғызстан, Молдова мен ресейлік «Бірінші арна» әріптестері де атаулы номинацияларға ие болды.  Әріптесімізді осы жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз.

 

                                                  

Оценить материал
0