Наверх

Погода в Астане: 24 марта, ночь: -7° 5 м/с24 марта, утро: -7° 7 м/с24 марта, день: -2° 8 м/с24 марта, вечер: +1° 7 м/с

ЖОБАЛАР БОЙЫНША КӨРСЕТКІШ

5042
Фото: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аймақта жобалардың жүзеге асырылуы туралы мәлімет.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аймақта жобалардың жүзеге асырылуы бойынша ең жоғарғы көрсеткішті Қызылорда қаласы көрсетіп отыр (30,6%).

Бағдарлама аясында Қызылорда қаласында бірқатар ірі жобалар (21 жоба) жүзеге асырылып, нақты нәижелерге қол жеткізілуде. «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандар бойынша меценаттар есебінен 1,7 млрд. теңге қаржы тартылды. Осы жоба аясында «Риксос» компаниясы мен «Асыл Мирас» қоғамдық қоры Облыстық перинаталдық орталыққа медициналық жабдықтар тарту етті. Шала туылған балаларға арналған заманауи медициналық құрал-жабдықтар бүгінгі күні халықтың игілігі үшін пайдаланылуда. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен қалалық №140 мектептің ауласында және «Мерей» мөлтек ауданында спорттық алаңдар салынды.

Сырдария ауданы бағдарлама аясында ірі көлемді жобаларды жүзеге асыруда белсенді жұмыс жасауда (14,2%). «Иман-2013» қоғамдық қорының қолдауымен Сырдария аудандық емханасында жылу және кәріз жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Шаған ауылдық округінде «Шаған Жер» ЖШС-нің қолдауымен тарихи музей салынды. Сонымен қатар осы ауданның, Тоқмағамбетов ауылында демеушілер есебінен көпір салынды.  

Арал ауданында «Туған жерге тағзым» жобасы аясында жеке кәсіпкер демеушілік жасап Шижаға ауылында саябақ ашып, тұрмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмектер көрсетті.

Қармақшы ауданы Ақжар ауылдық округіндегі №28 мектепке жергілікті кәсіпкерлер есебінен арнайы кабинеттер жабдықталып, мәжіліс залына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл игі бастама «Мектепке тағзым» жобасы аясында жүзеге асты.

Жалағаш ауданында бағдарлама аясында демеушілер есебінен Таң ауылының орталық алаңында көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, кент орталығында балаларға арналған ойын алаңдары салынды.

Шиелі ауданында жүзеге асқан ірі жобалардың бірі –Тартоғай ауылындағы халықтың игілігі үшін салынған медициналық пункт. Сондай-ақ, Жуантөбе және Бестам ауылдарында салынған спорттық-сауықтыру кешендерін ерекше атап өтуге болады.

Оценить материал
0