Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -19° 2 м/с07 декабря, ночь: -21° 2 м/с07 декабря, утро: -22° 3 м/с

М. Жұмабаевтың қолжазбасы жұртшылық назарына ұсынылмақ

1904
Фото:
Солтүстік Қазақстан облысы алғашқы болып ҚР Ұлттық мұрағатында «Қазақстанның Сокралды географиясы» бағдарламасы аясында көрме өткізеді. Қызылжардың қасиетті жерлерін насихаттайтын көрмеде латын тіліндегі бірегей құжаттар, қазақ-орыс қатынастары туралы материалдар жарыққа шығады. Облыс мұрағатында сақталған 1800 жылғы мешіттер мен шіркеулердің тіркеу кітапшалары да көрменің басты экспонаты болады.   21-31 тамыз Астанада Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары міндетін атқарушы Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында хабарлады. Сонымен қатар ол ЭКСПО қонақтарына өте сирек құжат - ақын Мағжан Жұмабаевтың қолжазбасы ұсынылатынын айтты. «Қолжазбада 1922 жылдың 20 тамызы деген күн белгіленген. Бұл СҚО-да аштық кезеңі еді. Мағжан Жұмабаев аштық кезеңіндегі халықтың жағдайын сипаттап, біздің облыс аумағындағы жұттың зардаптарын», - дейді Мадияр Кожахмет. «Мәдени шараларға 400-ден астам адам қатысады, олардың ішінде Солтүстік Қазақстанның даңқын асырған мәдениет қайраткерлері, облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының қатысушылары, әншілер, актерлер, сәндік-қолданбалы өнердің шеберлері бар. Біздің мәдени бағдарламамыз экспозициялық-көрмелік және театрлық-концерттік бағытта көрсетілетін болады, - деді Мадир Қожахмет. Мәдени күндер 11 күн бойы Астана қаласының 8 алаңында түрлі шаралармен өтеді.  Ал, «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде солтүстік өңірдің сәндік-қолданбалы өнерінің танымал шеберлерінің ауқымды көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сегіз қанатты киіз үйде «Атамекен. Әкелер жері» атты тарихи мұражай көрмесінің 700-ден астам жәдігері орналасады. Спорттық шаралар 26-27 тамызға жоспарланған. Облыстың мәдениет күндерін 27 тамыз күні сағат 21.30-да өтетін «Қызылжар елі – Жемчужина Казахстана» гала концерті қорытындылайды. Солтүстік Қазақстан облысы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында мәдениет күндерін өткізіп жатқан сегізінші облыс.  
Оценить материал
0