Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -19° 2 м/с07 декабря, ночь: -21° 2 м/с07 декабря, утро: -22° 3 м/с

Димаштың ұшағы аспанда

2324
Фото:
Қытайда әнші Димаш Құдайбергеннің есіміне берілген ұшақ Шанxай - Бейжің бағытында рейсті орындап, тұңғыш рет әуеге көтерілді. Бұл туралы Димаштың продюсері Алпамыс Шәрімов Инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады. «Бүгін Димаштың суреті бейнеленіп, аты берілген ұшақ ресми түрде алғашқы сапарын бастайды. 13:10-да Шанxайдан Бейжіңге дейін бірінші рейс ұшады! Құтты болсын! Енді сенің есімің әуеде қалықтайтын болады!!!» - деп жазды Алпамыс Шәрімов. Еске сала кетсек, Алпамыс бұған дейін Инстаграм арқылы қазақ баласының атымен енді ұшақ шығатынын хабарлаған болатын. Бұл ұшақ Moonlight blade онлайн ойыны желісіне арналған. Димаш осы ойынға «Уақыт - теңіз» атты саундтрек жазған болатын.  
Оценить материал
0