Наверх

Погода в Астане: 30 ноября, вечер: -10° 3 м/с01 декабря, ночь: -10° 5 м/с01 декабря, утро: -6° 5 м/с01 декабря, день: +1° 6 м/с

 «Астана Опера» театры IV маусымын жабуда

1646
Фото:
Осы маусым ішінде театрда 296 шара өткізіліп,120 099 көрермен келген ,-деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.                                             «Астана Операның» өткен төртінші театр маусымы өте ауқымды іс-шаралармен аталып өтті. Бұл маусымды тарихи деп атауға болады, себебі ол Пласидо Домингоның әлемге танымал «Опералия» вокалистер байқауының өткізілуімен, Дж. Вердидің «Травиата» операсында біртуар мэтр Пласидо Домингоның өнер көрсетуімен, сонымен бірге аты аңызға айналған миландық Ла Скала театрының гастрольдерімен, 1200 музыкант қатысқан Г. Малердің №8 симфониясының ғаламат премьерасымен және ашық аспан астындағы бірқатар қойылымдармен есте қалды. «Астана Опера» балет труппасы гастрольдік маусымды Қытайдағы Гала-балет бағдарламасымен ашты. Әртістер Синьцзян өнер театрының сахнасында 2016 жылдың 25 және 26 қыркүйегі өнер көрсетті. Труппа классикалық балет мұрасының нөмірлерін орындады. 2017 жылдың 1 және 2 ақпаны әртістер Санкт-Петербургтегі Мариин театрының жаңа сахнасында «Париж Құдай Анасының соборы» хореографиялық жауһарын ұсынды. Бес мың петерборлық көрермен осынау керемет спектакльді тамашалауға келді. Шаттанған көпшілік «Астана Опера» балет труппасы әртістерінің өнер көрсетулеріне толассыз қол соғып, ыстық ықыласқа бөледі, труппа петерборлық балет сүйер қауымның марапатына ие болды.ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында «Астана Операда» әлемдік деңгейде маңызы бар оқиғалар орын алды. Астаналық театрдың ұжымы ашық аспан астында бірегей қойылымдар ұсынды, атап айтқанда: Дж. Вердидің «Аида» операсы, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы, Л. Минкустың «Дон Кихот» балеті. Астана тұрғындары мен қонақтарын Г. Малердің №8 симфониясының (қоюшы-дирижері – атақты маэстро Алан Бөрібаев) тұсаукесері керемет әсерге бөледі. Сонымен қатар қазақстандықтар тұңғыш рет Пласидо Домингоның әлемдегі ең беделді «Опералия» Халықаралық жас вокалистер байқауының куәсі болды.
Оценить материал
0