Наверх

Погода в Астане: 26 июня, ночь: +13° 4 м/с26 июня, утро: +18° 6 м/с26 июня, день: +20° 9 м/с26 июня, вечер: +13° 6 м/с

«Шабыт» фестивалі 20-шы рет өткізіледі

2026
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне  қатысуға 515 өтінім берілді. Астана атынан байқауға 100 адам қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Астанада қарашаның 3-і мен 7-сі аралығында XX «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтеді. Фестиваль «Классикалық музыка», «Бейнелеу өнері», «Халық музыкасы», «Цирк өнері», «Үздік әдеби шығарма», «Актерлік шеберлік» аталымдары бойынша өткізіледі», - деді елордалық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина.

Сонымен қатар, фестивальде Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан, Латвия, Армения сияқты мемлекеттерден келген үміткерлер де бақ сынайтын болады.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстан, Украина, Якутия, Армения, Сербия, Литва, Германия, Австрия, Мексика, Ресей, Македония, АҚШ, Иордания, Италияның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері бар.

Биыл «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі жиырмасыншы рет өткізіледі. Осыған дейін фестивальге өнердің түрлі жанрлары бойынша 10 мыңнан астам адам қатысқан. 

Оценить материал
0