Наверх

Погода в Астане: 26 июня, ночь: +13° 4 м/с26 июня, утро: +18° 6 м/с26 июня, день: +20° 9 м/с26 июня, вечер: +13° 6 м/с

Эрмитаж күндері өтеді

2205
Фото: ОКҚ сайтынан.

Қазақстан Ұлттық музейінде 10-12 қарашада Мемлекеттік Эрмитаж күндері өтеді. Бұл туралы ОКҚ сайтында жарияланды.

Бағдарлама бойынша, шараға қатысушылар мен музейге келушілердің назарына ең заманауи жаңалық – виртуалды шынайылық аймағы «Эрмитаж VR. Уақыт пен кеңістікке виртуалды сүңгу» виртуалды шынайылық  кинотеатры және Эрмитаждың  Юпитер залының виртуалды моделі ұсынылады.  

Сағат 10.00-де БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Оған Мемлекеттік Эрмитаждың Бас директорының орынбасары, бас қор сақтаушы Светлана Адаксина, «Арсенал» бөліміндегі қару-жарақтар секторының меңгерушісі Юрий  Ефимов, Реставрация және консервация бөлімінің меңгерушісі Татьяна Баранова, Ғылыми реставрация және консервация бөлімі, Асыл металдарды реставрациялау зертханасының меңгерушісі Игорь Малкиель және т.б. мамандар қатысады.

Сағат 11.00-де «Эрмитаж күнінің» ашылу салтанаты болады.

Шараға қатысушылардың назарына тас ғасырынан бастап, бүгінге дейінгі аралықты қамтыған үш миллионға жуық өнер туындылары мен әлемдік мәдениет ескерткіштері бар әлемдегі ең ірі мәдени-тарихи музей саналатын Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитаждан келген қонақтардың лекциялары мен баяндамалары ұсынылады.

Оценить материал
0