Наверх

Погода в Астане: 21 ноября, вечер: -2° 3 м/с22 ноября, ночь: -2° 4 м/с22 ноября, утро: -2° 4 м/с22 ноября, день: +5° 4 м/с

Қазақстанның опера тарихындағы айтулы оқиға

242
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.  

Рим опера театры «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожинмен жақын арада келісімшарт жасасуға әзір. Танымал қазақстандық опера әншісі шарттары қатал байқау іріктеуінен өтіп, тұңғыш рет тарихта Еуропадағы ең атақты театрлардың біріндегі қазақстандық солист атанбақ, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.

Әртіс шақырту алған тыңдау кезеңіне түрлі елден келген көптеген талантты баритон-әншілер қатысты. Жеңіске үмітті үздік бестік ақтық сынға өтті. Нәтижесінде, екі жылға созылатын келісімшарт қазақстандық вокалист Сүндет Байғожинге ұсынылды. Қатаң комиссия құрамына Рим опера театрының шығармашылық басшылығы мен әйгілі опера әншілері мен ұстаздар енді.

Әділқазылар мүшесі, танымал баритон Доменико Колаянни атап өткендей, Сүндет Байғожиннің шеберлігі аты аңызға айналған миландық Ла Скала әншілерінен еш кем емес.

Керемет вокалдық қалпын көрсеткен Сүндет Байғожин В.А. Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» операсынан граф Альмавива ариясын, Дж. Россинидің «Севильдік шаштараз» операсынан Фигаро ариясын, П. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Онегин ариясын орындады. Қазіргі уақытта жетекші солист Ж. Бизенің «Кармен» операсындағы Эскамильоны алғаш рет ойнауға бар күш-жігерімен дайындалуына байланысты, оның байқаудағы өнер көрсетулері Эскамильоның шумақтарын «биске» шырқауымен аяқталды.

- Мен өз елімнің патриотымын, театрымды жақсы көремін және болашақтағы барлық жетістіктерім Отаныма игілігін көрсетсе деймін. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлесімді қосу мен үшін аса маңызды. Президенттің жолдауында қазақстандық өнерді әлемдік мәдени кеңістікте танымал ету, дәріптеу қажеттігі айтылған. Осы идеяның бөлігі – Еуропаның театр шыңында елінің көрнекті тұлғасы болған қазақстандықтардың есімін жазуға шақыру, деген Сүндет Байғожин өзін  алдағы екі жылда Римде қыруар еңбек пен жұмыстың күтіп тұрғанын атап өтті.

 

Оценить материал
0