Наверх

Погода в Астане: 27 марта, день: +5° 6 м/с27 марта, вечер: +5° 6 м/с28 марта, ночь: +4° 7 м/с28 марта, утро: +4° 6 м/с

Қарағандыда Еркеғали Рахмадиевтің 85 жылдығына арналған концерт өтеді

2275
Фото: Облыс әкімінің сайтынан.

Қарағандыда  30 қараша күні  Еркеғали Рахмадиевтің 85 жылдығына арналған концерт  өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Онда «Астана Опера» театрының солисі Айзада Капонова өнер көрсетеді. Сонымен қатар концертке скрипкашы Әнел Шәкірова және Петр Грибановтың жетекшілігімен Қарағанды симфониялық оркестрі қатысады.
Еркеғали Рахмадиев (1932-2013) – композитор, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері. Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрының негізін салушылардың бірі.

“Қамар сұлу”,“Алпамыс” опералары, “Абылай хан” сияқты алты операның, көптеген оркестрлік, вокалдық-хор, театрлық-сахналық, камералық-аспаптық шығармалар, әндер мен романстардың авторы.

Оценить материал
0