Наверх

Погода в Астане: 06 июня, ночь: +24° 3 м/с06 июня, утро: +28° 4 м/с06 июня, день: +36° 4 м/с06 июня, вечер: +22° 4 м/с

Әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері

2577
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

27 қарашада сағат 11.00-де Елбасы кітапханасында әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабының тұсаукесері өтеді.

Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы – Махмұт Қасымбеков, Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси сұрақтар жөніндегі көмекшісі – Әли Гасанов, Халықаралық түркі академиясының президенті – Дархан Қыдырәлі қатысады. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметінен хабарланды.

Тұсаукесерге шақырылған қонақтардың қатарында – Қазақстан Республикасында шетелдік дипломатиялық міндеттерін атқарып жүрген өкілдер, Башқұртстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Түркия ғылым академиясының басшылары, отандық және шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар.

Жобаның жетекшісі және кітап авторы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы, саяси ғылымдарының докторы, профессор Махмұт Қасымбеков көп жылдар бойы Мемлекет басшысының қол астында қызмет етіп, президенттік институтты кәсіби зерттеумен айналысты.

Кітап Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін ресми тарихи-өмірбаяндық тұрғыдан зерттеудегі алғашқы тәжірибені ұсынады. Онда қарапайым ауыл баласынан ұлт көшбасшысына дейінгі жолы егжей-тегжейлі қарастырылған.

Орыс тілінен әзербайжан тіліне Әзербайжан Жоғары медиа сыйлығының және Исмаил Гасприн атындағы Халықаралық түркі академиясының медиа сыйлығының лауреаты, журналист-публицист Аида Эйвазова аударған. Кеңесшілері – Халықаралық түркі академиясының президенті, профессор Дархан Қыдырәлі және Милли Меджлис (Әзербайжан ұлттық жиыны) депутаты Джаваншир Фейзиев. Редакторы – Вели Акперов.

Кітаптың алғы сөзін әзербайжан тілінде Әзербайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси сұрақтары жөніндегі көмекшісі, Президент Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әли Гасанов жазған.

Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының Елшілігінде: «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы – Қазақстанда тұратын әзербайжан үшін ана тілдерін сақтап қалу жағынан үлкен сый болды», – деп мәлімдеді.

Оценить материал
0