Наверх

Погода в Астане: 19 мая, вечер: +15° 9 м/с20 мая, ночь: +10° 5 м/с20 мая, утро: +13° 9 м/с20 мая, день: +17° 11 м/с

Тамсандырған Моцарт әуендері

1822
Фото: Театрдың баспасөз қызметінен.

Дарынды жас пианист Клим Пак және дирижер Арман Оразғалиевтың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының Камералық оркестрі астаналық тұрғындар мен қала қонақтарына «Тамсандырған Моцарт әуендері» концертін ұсынады, деп  хабарлайды Объектив.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 қаңтар күні театрдың Камералық зал сахнасында ұлы австриялық классиктің туындылары шырқалады.

Халықаралық байқаулардың лауреаты, болашағынан көп үміт күттіретін астаналық жас пианист Клим Пак П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыкалық мектептің бірінші курс студенті.

Клим Пак камералық зал сахнасында концертпен өнер көрсету мүмкіндігін IV Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен Astana Рiano Passion жас пианистер байқауында «Астана Опера» театрынан арнайы жүлде ретінде алған еді, фестивальдің көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев. Бұдан бөлек, Клим Пак Астана қаласы әкімі сыйлығының иегері атанды.

Осы кеште композитордың ең бақытты күндерінде жазылып, В.А.Моцарт шығармашылығының асыл қазынасына енген туындысы – фортепиано мен оркестрге арналған №14 концерт шырқалады.

Атақты «Фигароның үйлену тойы» сықақ операсына жазылған увертюра шаттыққа толы, үйлесімді, жарқын бейнелердің сан-алуандығымен қиялды тамсандыратын пьеса түрінде көрерменге жол тартады.

Сонымен қатар тыңдаушылар назарына №29 симфония ля мажор ұсынылады. Автордың жас шағында жазылып, композициялық ауқымымен, техникасымен әсер ететін серпінді симфония ұзақ жылдар бойы мақтаныш болып қала бермек.

Оценить материал
0