Наверх

Погода в Астане: 30 марта, день: +2° 6 м/с30 марта, вечер: -3° 4 м/с31 марта, ночь: -5° 4 м/с31 марта, утро: -4° 5 м/с

СҚО-да мұражайға кіру тегін болады

2329
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бұл жөнiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақалов кәсiпкерлiк және туризм басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында мәлiмдедi. Бұл қадам келушiлер мен шетелдiк туристердiң қатарын көбейтуге септiгiн тигiзбек, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.

«Бiздiң мұражайлар тегiн iстеу керек. Кiру үшiн ақша алмау қажет. Бiз олардың қанша ақша табатынын бiлемiз, көп қаржы емес. Мәдениет басқармасынан нақты ұсыныстар күтемiн», — дедi Құмар Ақсақалов.

Туризм облыстың қазынасына 700 млн. теңгеден аса табыс әкелдi. Алайда, бұл жеткiлiксiз дедi өңiр басшысы. Туризмнiң дамуына бiрнеше фактор әсер етедi: инфрақұрылым, қызметтер және сапалы қызмет көрсету.

Облыс басшысының  айтуынша, туристердi тарту үшiн жақсы инфрақұрылым керек. Қазiр қонақ үйлер қалыпқа келтiрiліп жатыр. Ал дәмханалар бойынша көп мәселелерді шешу керек. Қазiр туристердiң талғамы өте жоғары,- деді ол.

Биыл темiр жол вокзалы да қайта жаңғыртылады. Петропавл қаласының айналасындағы демалыс орындары да талапқа сай болу қажет. Туризмнiң дамуына басты кедергi ол сапасыз жолдар. Қос туристiк аймақ — Айыртау және Қызылжар ауданындағы жолдарды жөндеуге биыл 4 млрд. теңге бөлiнген. Жыл соңына дейiн бұл жұмыстар аяқталып, өңiрдегi туризмнiң дамуына серпiн бермек.

Оценить материал
0