Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы мұражайдың ашылғанына биыл 30 жыл

3159
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

2017 жылы Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында 44 музей жәдігері қайта қалпына келтірілді. Реставрациядан өткен экспонаттардың ішінде көрнекті қайраткер Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары да бар деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы музейдің 14 жәдігері қайта қалпына келтірілді.

Реставрациядан қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өзі қолданған әтірі, қолшатыры, 1927 жылы төте жазумен басып шығарылған тарихи-мемориалдық роман - «Тар жол тайғақ кешу» кітабы, А. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабы, балаларға арналған «Ленин и Махмут» кітабы, Т. Жароковтың «Песня мотора» кітабы, А. Пушкиннің «Драмы Евгения Онегина», «Собрании сочинении» кітаптары, Г. Серебрякованың «Странствия по минувшим годам» кітабы, Е.Исмаиловтың «Сәкен Сейфуллин» кітабы, сондай-ақ, «Песня о пилотах», №1-2 «Әдебиет майданы», №5 «Әдебиет майданы», «Абай Құнанбаев» кітаптары өткен.

Сәкен Сейфуллин атындағы музей директорының орынбасары Гүлнәзия Ыбыраеваның айтуынша, экспонаттар арнайы комиссияның шешімімен таңдалып, қайта қалпына келтірілген.

- Бұл – өте құнды жәдігерлер. Әсіресе, араб әліпбиінде басып шығарылған тарихи-мемориалдық роман – «Тар жол тайғақ кешу» кітабы таптырмайтын қазына. Бұл кітапты біздің музейге Сәкеннің Мәжит есімді інісінің жұбайы – Әмина Сейфуллина тапсырған. Кезінде осы кітапты иеленуді қалаған азаматтар оның құнын бір Волгаға бағаласа керек, - дейді Гүлнәзия Ыбыраева.

Сәкен Сейфуллин атындағы музей 1988 жылдың 20 ақпанында ашылған болатын. Мұражай залдарында Сейфуллиннің сирек кездесетін кітаптары, фотоқұжаттары мен мұрағат материалдарының фото және ксерокөшірмелері, тұтынған заттары жинақталған.Мұражай қорында бүгінгі таңда алты мыңға жуық жәдігер бар.

Оценить материал
0