Наверх

Погода в Астане: 14 апреля, день: +17° 7 м/с14 апреля, вечер: +9° 4 м/с15 апреля, ночь: +3° 3 м/с15 апреля, утро: +7° 4 м/с

Махаббаттың музыкалық бейнелері

1335
Фото: Театрдың баспасөз қызметі.

27 ақпан күні «Астана Операның» Камералық залында «Махаббат алауы маздайды...» концерті өтеді, деп хабарлайды Объектив.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемдік операның лирикалық әйелдер бейнесінің топтамасын театрдың солисі Мәдина Исламова (сопрано) көрерменге паш етеді, онымен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон), солист Рамзат Балакишиев (тенор), оркестр музыканттары Балжан Сапарова (флейта), Любовь Ткаченко (арфа), Кирилл Красюков (скрипка) сахна төрінде жарқырайтын болады. Фортепиано партиясында – опера труппасының бас концертмейстері, «Мәдениет қайраткері» Елена Сахно.

Осы кеште көпшіліктің сүйікті опера жауһарларының өзге де кейіпкерлері ұсынылады – Дж.Пуччинидің «Турандот» операсынан Лиу мен Калаф, «Богема» операсынан Мими мен Рудольф, Г.Доницеттидің «Махаббат шырыны» операсынан Адина мен Неморино және т.б. бар.

Бұл концерт «Астана Опера» театрының Камералық залында өтетін мерекелік музыкалық кештер топтамасының бастауы болмақ.

Оценить материал
0