Наверх

Погода в Астане: 10 мая, ночь: +14° 6 м/с10 мая, утро: +12° 7 м/с10 мая, день: +17° 7 м/с10 мая, вечер: +13° 4 м/с

«Астана Операда» ерекше атаудағы концерт өтеді

1252
Фото: Театрдың баспасөз қызметі. .

«Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында 11 наурызда сағат 18.00-де трио, квартет және квинтеттің орындауында камералық музыка шырқалатын «Үш, төрт, бес» атты ерекше концерт өтеді, деп хабарлайды Объектив.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас музыканттар көрермендерге мәңгілік классиканың жаңа қырын ұсынады.

Концертте трионы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Айгүл Ниязова (сопрано), Қалқаман Дүйсенбаев (валторна), Раушан Бескемпірова (фортепиано) ұсынады. «Астана Опера» симфониялық оркестрінің дарынды музыканттары: Әнел Шәкірова (1-ші скрипка),  Гузаль Тәжіқұлова (2-ші скрипка), Жанар Ахатова (альт), Курванжан Ахатов (виолончель) шекті квартет құрамында өнер көрсетсе, осы шекті квартет пен саусағынан бал тамған кларнетші Манарбек Абаевтың ансамблінің арқасында  квинтет құрылады.

- Біз алғаш рет Астанада ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлы композитор Франц Шуберттің Людвиг Рельштабтың сөзіне жазылған, дауыс, волторна мен фортепианоға арналған «Auf dem Strom» («Ағынның маңында») шығармасын орындаймыз.

Опера жанрының әншісі ретінде мен үшін камералық-вокалдық музыканы орындаудың маңызы зор, өйткені ол орындаушының жан дүниесіндегі терең сезімдерді оятып, дауыстың тембральдік бояуларын ашуға мүмкіндік береді, - деді «Астана Операның» жетекші солисі Айгүл Ниязова.

Концерт бағдарламасына классик-композиторлардың шығармалары енді: Ф. Шуберттің дауыс, валторна мен фортепианоға арналған «Auf dem Strom» триосы, Op.129, В.А. Моцарттың Ішекті аспаптар квартеті №15 ре минор (KV421) және Кларнет пен ішекті аспаптарға арналған «Stadler» квинтеті, ля мажор (KV581).

Оценить материал
0