Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, ночь: -22° 2 м/с06 декабря, утро: -23° 2 м/с06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -20° 2 м/с

Шетелде діни білім алуға қатысты өзгерістер қолға алынбақ

2358
Фото:
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде вице-министр Берік Арынның төрағалығымен  «Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша отырыс өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.   Кездесу барысында вице-министр Берік Арын діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамада азаматтардың құқықтарына кепілдік беретін және қорғайтын, екінші жағынан дінді экстремистік және басқа да деструктивті мақсатта қолдану мүмкіндігін төмендетуге бағытталған құқықтық нормаларды қалыптастыру қажеттігін баса айтты. Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Мырзаев Балғабек заң жобасына енгізілетін жаңашылдықтарға тоқталды. Оның сөзінше, құжатта шетелде діни білім алу, қоғамдық орындарда адамның бет-бейнесін тұмшалайтын киім түрлерін киюді шектеу, дін қызметіне мемлекеттік қызметкерлердің қатысуы, дін жоралғылары бойынша некені қиғызуға қатысты жаңа нормалар қабылданатын болады. Бұдан бөлек, заң жобасы аясында деструктивті идеологиялық ағымдардың  киім түрлерін киюге шектеу қою, БАҚ-та оларды жарнамалауға және наным-сенімдерін таратуға тыйым салу, діни қызметке кәмелеттік жасқа толмағандарды тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту қарастырылады. Отырыс барысында қатысушылар дін мәселелері бойынша заңнамалық актілерге ензілетін түзетулердің маңыздылығына тоқталды. Олардың айтуынша, Заң жобасы діни экстремизм идеологияларының тарап кетуінің алдын алу бойынша жалпы мемлекеттік жүйені қалыптасыру және мемлекеттің зайырлы қағидаттарын күшейтуге негіз бола алады.  
Оценить материал
0