Наверх

Погода в Астане: 30 ноября, вечер: -10° 3 м/с01 декабря, ночь: -10° 5 м/с01 декабря, утро: -6° 5 м/с01 декабря, день: +1° 6 м/с

Парламенттік тыңдау: Білім жүйесінде қандай мәселелер шешімін таппақ?

3395
Фото:
Қазақстанда ақылы оқуға түскісі келгендер ҰБТ-дан босатылуы мүмкін-деді бүгін Сенатта өткен «Орта білім беру жүйесінің жалпы проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбында өткен Парламенттік тыңдауда ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. «Бұған дейін өздеріңізге мәлім, «Ақ жол» партиясы еліміздің жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне түсетіндер үшін ұлттық бірыңғай тестілеуді алып тастау жайлы бастама көтерген еді. Бұл мәселені біз егжей-тегжейлі талқылаудамыз.Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік білім гранттарын бөлу құралы ретінде қалдыру ұсынылған болатын»,-деді министр. Сонымен қатар,оның айтуынша, мемлекеттік грантқа ілікпей қалған «Алтын белгі» иегерлерінің проблемасы да шешілмек. Биыл осы мәселеге байланысты бірнеше шешім қабылдамақпыз. Ең алдымен, әр мамандыққа квота беру процесін өзгерту қажет.Медицинаға 3 мың грант берілсе, стоматологияға 45  грант қана беріледі. Педагогикаға «Серпін» бағдарламасын қоса алғанда 8 мың грант  берілсе, экономикаға тек қана 46  грант бөлінеді. «Әрине, экономикаға түсетін балалар 135  баллмен түсе алмайды. Ал педагогикаға барған балалар 65  баллмен өтіп кетеді. Бұл мәселе қоғамда жыл сайын наразылықты күшейтіп отырғанын байқап та , көріп те отырмыз. Алдағы уақытта «Алтын белгі» алғандардың мәселесін шешу керек. Ол жұмыстарды бастадық»,-деді Ерлан Сағадиев.
Оценить материал
0