Наверх

Погода в Астане: 26 мая, день: +30° 8 м/с26 мая, вечер: +25° 6 м/с27 мая, ночь: +18° 8 м/с27 мая, утро: +13° 11 м/с

Ғалым құрметіне арналған конференция

1455
Фото: ЕҰУ баспасөз қызметінен.

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Physics around DC-60» - Физика әлемі DC-60 атты ғылыми-практикалық Work shop өз жұмысын бастайды, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметінен.

Шара Ресей және Қазақстанның физика-математика ғылымдарының докторы, физика-техникалық факультетінің «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» халықаралық кафедрасының профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Физика-энергетикалық зерттеу және ғылыми технологиялар» Еуразия институтының директоры Күдербеков Қайрат Атажанұлының 60 жасқа толу құрметіне арналады.

Халықаралық шараны Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Физика-техникалық қоғамы ұйымдастырып отыр. Work shop-қа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Дубна, Ташкент, Алматы, Астана, Қызылорда ЖОО өкілдері қатысады.

Сондай-ақ шара барысында профессор Қ.Күдербековтың 60 жасқа толуына арналған  салтанатты жиын өтеді.

Күдербеков Қайрат Атажанұлының ғылымға қосқан үлесі мен табыстары атап өтерлік. Ол 2007 жылдан 1980 жылға дейін Ядролық физика институтында (ЯФИ) жұмыс істеп, инженерліктен ғылыми хатшылыққа  және ЯФИ директорының ғылым жөніндегі орынбасары лауазымына дейін өскен ғалым.

Профессор Қ.Күдербеков ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржылай грантына бірнеше мәрте ие болған, ядролық физика саласы бойынша тың жобалардың авторы әрі жетекшісі. Бірлескен жобалары да жемісті.

Соңғы жылдары профессор Қ.Күдербековтың жетекшілігімен экспериментальді зерттеулер қолға алынуда. Оның алғашқы нәтижесі қазірдің өзінде әлем ғалымдарының назарын аударып үлгерді және   әлемдік ғылымдағы үздік табыс ретінде бағалануда.

Алпыстың асқарына шыққан профессор Қ.Күдербеков «Қазақстан Республикасының атам саласына еңбегі сіңген қызметкер» және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы-2010», «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, сондай-ақ ҚР ҰҒА мен ҚР білім және ғылым министрлігі, ҚР энертегика министрлігінің бірнеше мәрте Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Оценить материал
0