Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Елімізде 1 млн. жастардың жоғары білімі болса да, мамандығы бойынша жұмыс істемейді

1192
Фото: kostanaytv.kz.

Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Атамекен» ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов айтты.

Ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту тақырыбында сөз қозғады.

- Кәсіпкерлікті қолдау мәселесіне тоқталатын болсақ, ең бірінші Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша «Бизнес Бастау» жобасы басталды. Өткен жылы жоба аясында 30 мыңнан астам азамат оқытылды. Олардың көбі ауылдың азаматтары. Бүгінгі күні жұмыссыздық мәселесі және жастар проблемаларының көбі ауылдық жерлерде. Сол себептен ауылдық жерлерде бизнеске оқыту мәселесі қолға алынды және ол өз нәтижесін берді. Өткен жылы олар өз жұмыстарын бастап кетті.

Бұл жерде негізгі мақсат – тек қана оқыту емес, қалай қаржы табу керек, қалай жұмыс орнын ашу керек, қалай технологияларды тарту керек деген сауалдар төңірегінде сабақтар жүргізу. Болашақта жұмыс орындарының 80 пайызы жеке салада ашылады.

Сондықтан жастарды мектептен, колледжден, университет қабырғасынан бастап бизнеске бейімдеу керек. Мысалы, бүгінгі таңда 1 миллионнан астам жастарда ЖОО-ның дипломы бар, бірақ олар мамандық бойынша жұмыс істемейді, - деді Мұрат Әбенов.

Оценить материал
0