Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

ШҚО-да мұғалімдерге ағылшын тілі оқытылуда

1263
Фото: Устинка Live сайтынан.

Облыста екі жүз мұғалімге ағылшын тілі оқытылады. Бұл аймақта үштілді білім беру жобасын толыққанды жүзеге асыру үшін қажет.

Шығыс Қазақстан республикада үштілді білім беруді қолданысқа енгізген бірден-бір облыс саналады. Өңірдің мұғалімдер қауымына бұған дейін ағылшын тілі оқытылған болатын.

Шетелде білім алып келген ұстаздар да бар. Білім беру қызметкерлеріне шет тілін үйрету биыл да жүргізілмек. 

- Облыстағы мұғалімдерді курстық дайындықтан өткізуді одан әрі жалғастырамыз. Биыл 200 мұғалімге ағылшын тілі оқытылады. Олар - химия, физика, биология мен информатика пәнінің мұғалімдері, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Аймақ басшысының ойынша, мұғалімдерге ағылшын тілін үйрету латын қарпін білім жүйесіне енгізудің тиімді жолы болмақ. 

Дереккөз: Алдаспан газеті.

Оценить материал
0