Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

2022 жылға дейін Астанада жаңа 46 мектеп салынбақ

2840
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Бұл туралы халықпен есептік кездесу барысында әкімнің орынбасары Ермек Аманшаев мәлімдеді,деп хабарлайды елорда әкімінің ресми сайты.

Оның айтуынша,қазіргі кезде 10 мыңға жуық оқу орны жетіспейді. 2017-2018 оқу жылының басынан жүктемені азайту үшін 2 600 орындық қосымша 5 құрылыс пайдалануға берілген болатын әрі жаңа мектептер де салынды.

- 10 800 орынға арналған он мектептің құрылысы оқушылардың білім алуына мол мүмкіндік жасайды, – деді Е.Аманшаев. 

Болжам бойынша Астана халқының тұрғындары көші-қон есебінен және табиғи өсім жолымен көбейе түспек.

«Елдегі ішкі көші-қон өте жоғары. Жыл сайын Астанаға өзге аймақтардан 40 мыңға жуық азамат көшіп келеді. Оған табиғи өсім де қосылып жатыр. Астанада күн сайын 70-75 бала өмірге келеді. Бұл дегенің Астанада өмір сүру деңгейі жоғары әрі білім мен медицина саласында түрлі қызмет көрсетіліп жатқанын білдіреді», – деді Ермек Аманшаев. 

Осыған байланысты алдағы 4 жылда астанада жаңа 46 мектеп салынбақ.

 «2018 жылы 6 900 орындық жалпы білім беретін алты мектепті пайдалануға беру жоспарланды. Мердігерлік кешенді жоспарға сәйкес, Астанада 2022 жылға дейін 46 мектеп және 10 қосымша жапсарлас салынған білім ошағы қажет», – дейді әкім орынбасары.

Бүгінде қалада 143 264 оқушы бар, 95 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.

Оценить материал
0