Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Республикалық ғылыми жобалар байқауында Павлодарлық оқушылар жоғары жетістікке жетті

1891
Фото: «Ертіс дарыны» орталығы.

Алматы қаласында  өткізілген республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 738 оқушы қатысты. Павлодар облысынан облыстық кезеңінің жеңімпазы мен жүлдегері – 58 оқушы 45 жобамен өтті, деп хабарлайды «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша жүргізілген: экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу, ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі, Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы 4 алтын, 12 күміс, 9 қола медальдарын иеленіп, бірінші орынға ие болды және «Ең үздік команда-2018» сертификатымен марапатталды.

І орында - «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10,11 сынып оқушылары Мусин Тлеухан, Амергалиева Шынар; дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Сагынгалиев Ернур; Павлодар қаласы №16 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Мельник София.

ІІ орында - «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10,11 сынып оқушылары Қаирден Әділ, Қуаныш Еркебұлан, Жунусова Илана, Сунчалиева Аяна, Шорман Мария, Қабидолла Аружан, Кенжехан Айдана; дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Уайхан Жанерке; дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 11 сынып оқушысы Сухоносенко Владислав; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған  облыстық қазақ гимназия-интернатының 9,11 сынып оқушылары Мұхаметқан Әдия, Жанбау Марғұлан;  Ертіс ауданы Ұзынсу орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мусабекова Динара.

ІІІ орында – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 10,11 сынып оқушылары Жасуланов Алихан, Асетов Ануар, Марданов Нұрасыл; дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 9,11 сынып оқушылары Қайдар Бексұлтан, Сапарбекова Сабина, Аманбаева Дина; дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернатының 11 сынып оқушылары Зейнуллинова Айшабиби, Жанұзақ Нұрболат; Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған  облыстық қазақ гимназия-интернатының 10 сынып оқушысы Әмірқұмар Медхат.

Оценить материал
0