Наверх

Погода в Астане: 05 августа, ночь: +18° 3 м/с05 августа, утро: +21° 3 м/с05 августа, день: +24° 2 м/с05 августа, вечер: +21° 3 м/с

Астанада «Жастар және дәуір келбеті» атты республикалық форум өтуде

1348
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  «Жастар және дәуір келбеті» атты республикалық жастар форумы өтуде, деп хабарлайды Объектив.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум Астана қаласының 20 жылдығы мен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын және 2018 жылы 10 қаңтарда жарияланған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауынан туындаған мәселелерді талқылау мен түсіндіруге арналған.

Жиынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов кіріспе сөзбен ашты.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов «Рухани жаңғыру» және мемлекеттік жастар саясаты», ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен «Жастар және экономика: басым бағыттар», Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев «Астана – жастар қаласы», «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали «Жастарға киелі орындар арқылы тәлім беру» тақырыптарында баяндама жасамақ.

Сонымен қатар форумда «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігінің бас директоры Асқар Омаров «БАҚ және жастар», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, РһD, көпбалалы ана Бақытжамал Жұматаева «Отбасы және кәсіп құндылығы», Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен «Жастар талғамы және шығармашылық ізденістер», ЕҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлелұлы «Абайдың айнасы: қоғам және жастар»  тақырыбында баяндамалары жоспарланған.

Оценить материал
0