Наверх

Погода в Астане: 15 мая, день: +31° 6 м/с15 мая, вечер: +24° 5 м/с16 мая, ночь: +19° 5 м/с16 мая, утро: +24° 5 м/с

Еуразия ұлттық университетінде «ENU-Lab» зертханасы ашылады

1548
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ) аясында құрылған «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталығы» сынақ зертханасының салтанатты ашылуы өткізілді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«ENU-Lab» 2017 жылдың 12 мамырында құрылған сынақ зертханасы. Ендігі жерде  ол өзінің сынақ нәтижелерін ILAC тәртібі бойынша тіркейтін болады.  ILAC – зертханаларды акредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым.

«ENU-Lab»  ғылыми-зерттеу зертханасы еліміздің өндірістік кәсіпорындары мен жетекші құрылыс компанияларымен меморандум бекітеді.

«ENU-Lab»  құрылыс индустриясының 4 басым бағытын қамтитын бірден бір акредиттелген кешенді зертхана. Міндеттері:

  • Құрылыс материалдары мен бұйымдары зертханасы;
  • Бетон және темірбетон өнімдері мен құрылымдары зертханасы;
  • Геотехникалық зертхана;
  • Бұзылмайтын әдіспен сынау зертханасы.
  • Лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін білім алушылардың зертханалық ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету. Сондай-ақ студенттерге зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша теориялық дағдылар мен  практикалық білім беру.
  • Құрылыс зертханалық қызметтерін қамтамасыз ету және құрылыс секторына  инвестиция тарту  үшін ғылыми және техникалық нәтижелерді коммерцияландыра отырып, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті зертхана қалыптастыру.
Оценить материал
0