Наверх

Погода в Астане: 01 февраля, вечер: -15° 3 м/с02 февраля, ночь: -21° 3 м/с02 февраля, утро: -22° 2 м/с02 февраля, день: -11° 2 м/с

Ұлытауда Ерден батырға ескерткіш ашылды

3343
Фото: Әкімдіктің сайтынан

Ұлытау ауданында ел Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесіне ел қорғаған батыр, аға сұлтан, дуанбасы, болыс болған,  Сандыбай батырдың баласы, Төлек батырдың ұрпағы Ерденге арналған ескерткіш ашылды.

Ерден Сандыбайұлы 1808-1862 жылдар аралығында ғұмыр кешкен, Ұлытау өңіріндегі Бағаналы-Найманнан шыққан қазақ батыры, биі. Ол 35 жасында аға сұлтан болған.

Аудан әкімі Әнуар Омар осы ескерткіштің ашылуына мұрындық болған азаматтарға аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді. «Молдашов» жеке кәсіпкерлігінің иегері Молдашев Марғұлан, «Самға» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иегері - Байділбаев Абайды, «Сарыарқа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің иегері- Мұқан Ержан сынды туған жерге деген құрметтерін көрсетіп, Ерден батырдың ескерткішіне демеушілік жасаған ел ішінен шыққан азаматтарға арнайы құрмет грамотасы табыс етілді.

Ерден батыр жайлы  зерттеуші Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі, жазушы, Мырзабеков Батырбек, медицина ғылымдарының профессоры,  Ашмұқанбетұлы Қорғамбек  Ердендей тарихи тұлғаға қасиетті Ұлытау жерінде еңселі ескерткіштің бой көтеруі жас ұрпақ үшін үлкен өнеге, тәуелсіздік күні бұл шара есте қаларлық тағлымды, әрі тарихи сәт екендігін жеткізді. « Ер есімі- ел есінде» осындай елдікті мақсат еткен игі істермен сақталмақ.

Оценить материал
0