Наверх

Погода в Астане: 21 февраля, ночь: -13° 4 м/с21 февраля, утро: -16° 4 м/с21 февраля, день: -8° 3 м/с21 февраля, вечер: -13° 4 м/с

«Тәуелсіздік тарихын оқытудағы бүгінгі методологиялық ұстаным»

1171
Фото: Университет баспасөз қызметінен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада Қазақстан тарихшыларының бесінші Ұлттық конгресі өткен болатын. Онда Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы жайлы тарихшыларымыз тарапынан кәсіби деңгейде талқыланып, аталған еңбектің әдіснамалық құндылығы жайында баса айтылды. Біз сіздерге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеген Садықовтың осы тұрғыда жасаған баяндамасынан ықшамдап алып,  негізгі басымдық берілетін мәселелерді жариялап отырмыз.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихына көз жіберсек, оның түп-тамыры сонау көне ғасыр қойнауындағы Түркі қағанатынан бастау алатынын көресіз. Бұл қағанаттың ерлік тарихы кейінгі ұрпақ даңқты Күлтегін, Білге қағандар мен Тоныкөк бидің мәңгілікке жазып қалдырған тас ескерткіштері арқылы жетті. Тарихтың терең қойнауынан жеткен ұлы ойлы сөздер бүгінгі біз ұстанған елдік қағидаттармен берік ұштасуда.

Ғасырлар тоғысында болып тұратын алапат өзгерістер адамзат баласына өзіндік қиындықтар мен қуаныштар алып келетіні заңды тарихи құбылыс. Еліміздің тарихында XX ғасырдың соңына дейін орын алған талай аумалы-төкпелі аласапырандардан Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі мен жерінің тұтастығын, Қазақстан халықтарының бірлігі мен татулығын сақтап қалдық. Бұл біздің керемет тамаша жеңісіміз болды. Бүкіл ел, халық болып, ата-бабадан мирас болған ұлттық намыс пен рухтың биік шыңына көтерілдік. Бүгінгі қазақстандықтар – біздер, осындай өрелі жетістіктерімізді сақтап, қорғауда және дамытуда намысымызды ақылға салып, жани түсуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне жиырма алты жыл толды. Адам өмірімен салыстырсақ, жалындаған жігіттің жасы, мемлекеттер ғұмырымен таразылап қарасақ, жалт етіп өте шыққан қысқа уақыт тәрізді. Тәуелсіз ел ретінде жасаған дүниелердің құны баға жетпес ерен еңбекке толы жылдар болды. Мемлекетіміз қысқа мерзімде жүз жылға бергісіз даму жолынан өтіп, әлемдік көштің алдыңғы қатарына ілестік. Үлкен тарихи даму жолынан өттік. Бүгін таныстырылымын ғылыми тұрғыда талдап жатқан Тәуелсіз еліміздің бас кітабы -  Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі соның тарихи айғағы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізін қалаушы тұлға, Отан тарихының мемлекеттілік тарихының барлық кезеңдерін жетік білетін саяси қайраткер және терең тамырлы тарихи еңбектердің авторы ретінде алдымен Тәуелсіздік тағылымын бұлжытпас фактілермен саралап, еркін форматта баяндап шыққан. Кітаптің бізге, қазақстандықтарға қазіргі заман тарихымыздың темірқазығына айналуы сондықтан да мағынасы толығымен бар заңды құбылыс деп қабылдаймыз.

Елбасы қаламынан туған «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегінің әдіснамалық тұрғыда құндылығы айқын:

Біріншіден, ұлттық тарихты насихаттауда тарихи публицистика жанры толық дамымай келеді. Осы тұрғыда тарихи публицистиканың жарқын үлгісі, тарихты баяндаудың көркем әдісі осы еңбек арқылы көрініс тапты;

Екіншіден, Қазақстанның жаңа тарихы – ұлттық тәуелсіздіктің құндылықтары, яғни қазақстандық құндылықтар – ұлттық бірлік, тұтастық, экономикалық еркіндік, құқықтық теңдік құндылықтары айқындалған;

Үшіншіден, Қазақстанның ұлттық жаңғыруының мән-мағынасы ашып көрсетілген. Студенттерге, жас зерттеушілерге Ұлттық жаңғыру дегеніміз не және оның миссиясы қандай? Ұлттық жаңғыру не үшін керек? Ұлттық жаңғыру қалай жүзеге асырылады? деген сауалдардың жауабын ашып, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін ұлттық жаңғыру кезеңдері контексінде зерттеудің бағыттарын көрсетіп берген;

Төртіншіден, «қазақстандық жолдың», «қазақстандық үлгінің» қалыптасуы мен дамуы, ұстанымдары мен қозғаушы күштері айқындалған, анықтамасы берілген;

Бесіншіден, «Тарихи әділеттілік салтанаты», «Тұғыры берік мемлекеттік құрылым», «Басты құндылығымыз - бейбітшілікті қастерлей білдік», «Жаңалықтың жылы лебі және қайта түлеген дәстүр», «Сыртқы саясат: тыңға түрен салғандай...», «Қияға көз тіккен Қазақстан барысы», «Баянды болсын Бас қала!», «Саяси тұрақтылықтың жемісі», «Тәуелсіздік рухымызды шыңдады», «Біз әлемдік дағдарыс сынағына төтеп бердік», «Бұрын-соңды болмаған зияткерлік өрлеу» және т.с.с. бөлімдердің атауы дипломдық, магистрлік, докторлық диссертация тақырыптарына арқау бола алады;

Алтыншыдан, Елбасының жаңа тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы ерен еңбегі мен кемеңгерлігі негізінде тұлғаның тарихтағы орны мен рөлі мәселесін ашуда әдіснамалық негіз бола алады;  

Жетіншіден, қазақстандық дипломатияның, еліміздің геосаяси әлеуетін, көпвекторлы сыртқы саясаттың қырлары мен сырларын сараптап, талдау үшін әдіснамалық нұсқаулық болып табылады.

Сегізіншіден, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің формуласын Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің үлгісінде зерттеудің бағыт-бағдарын көрсетіп берген.

Тоғызыншыдан, Қазақстанның ірі халықаралық ұйымдарды: ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ЕАЭО, Түркі кеңесі төрағасы ретінде басқарудың  әдіс-тәсілдері ұсынылды және олар студенттер мен зерттеуші-ізденушілер үшін ғылыми – қолданбалы маңызға ие. Бұл қадамдар Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде тағайындалуына алғышарт болды.      

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегінде қазақстандық қоғамының мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырған жасампаз істері мен өмірлік ұстанымдары айырықша мазмұнда берілген. Біздің  зор жетістіктеріміздің бәрі Елбасы есімімен біте астасып жатқаны тарихи шындық.

Елбасы мемлекет пен халық тарихын баян еткен «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі  отандық тарихи зерттеулердің идеологиялық және әдіснамалық негізін біржолата тиянақты сипатта  қалап берді.

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегі оқу үдерісіне енгізу арқылы мемлекет тарихы және оның сарабдал басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, көшбасшылығы және шығармашылық қызметі туралы жаңашылдығы бар тың ізденістерге жол ашамыз.

Аталған еңбек гуманитарлық сала ғалымдары үшін методологиялық бағыт-бағдар беретін іргелі еңбек болып табылады. Сол себептен осы еңбек Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеп оқытуда негізгі ғылыми-әдістемелік құрал.  

Оценить материал
0