Наверх

Погода в Астане: 29 марта, день: +5° 9 м/с29 марта, вечер: +1° 6 м/с30 марта, ночь: -2° 4 м/с30 марта, утро: -2° 5 м/с

Астанада тарихтан студенттер арасында оныншы республикалық олимпиадасының екінші туры өтеді

1645
Фото: Ашық ақпарат көзінен

2018 жылдың 30 наурызы күні сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих мамандығы бойынша еліміздегі жоғарғы оқу орындары студенттерінің Х республикалық пәндік олимпиадасының II туры өтеді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасы ұйымдастырып отырған олимпиада мақсаты: талантты, дарынды студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, жастардың интеллектуальдық негізін қалыптастыруға ықпал ету, студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның өзекті ғылыми мәселелерін зерттеуге тарту, ғылыми қызметке деген қызығушылықты арттыру.

Сонымен қатар, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасын кең түрде таныту және жоғары оқу орындарының базалық курстарындағы Қазақстан тарихы мамандығы айқындамасын нығайту, Қазақстан тарихын тануға, оқуға қызықтыру, жаңа геосаяси жағдайдағы бүкіләлемдік тарихты саралау, жастарды ғылымға тарту.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиадаға еліміздегі 11 жоғарғы оқу орындарынан өтініш келіп түскен. Олардың ішінде  Әл-Фараби атындағы ҚАЗМУ, Е.Бөкетов атындағы ҚАРМУ, Абай атындағы ҚАЗҰПУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Шәкәрім атындағы СМУ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, С.Демирел атындағы университет, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті, Досмұхамедов атындағы АтМУ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттері бар.

Оценить материал
0