Наверх

Погода в Астане: 30 ноября, вечер: -10° 3 м/с01 декабря, ночь: -10° 5 м/с01 декабря, утро: -6° 5 м/с01 декабря, день: +1° 6 м/с

Павлодардағы оқыс жағдай: трамвай қаққан оқушының жағдайы қалыпты

1355
Павлодарда  Лермонтов пен 1 май көшесінің қиылысында мектеп оқушысының трамвай астына  әдейі түскені жайлы хабарлаған едік. Бүгін осы оқыс оқиға туралы  дереккөздің айтуынша, трамвай жүргізушісі аялдамаға 50 метрдей жер қалғанда оқушының тұрғанын байқап, трамвайды тоқтатып үлгірген. Ол жерде жаяу жүргінші өтетін жолақ жоқ. Трамвай тоқтағанда бала артқа шегінгендей болған, одан кейін әдейі трамвай жүріп кеткенде  астына құлап түскен. Егер бір трамвайдың салмағы 20 тонна екенін ескерсек, егер жүргізуші тоқтап үлгірмегенде қандай жағдай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты, - дейді куәгерлер. Облыстық аурухананың травмотология бөліміне жеткізілген 6-сынып оқушысының жағдайы қалыпты, бас сүйегіне зақым келген және бірнеше жерден жарақаттар алған. Ауруханада толық тексерілуден өтіп,ем қабылдайтын болады - деді басқарманың баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.Оқушының неге мұндай әрекетке барғаны жайлы әзірге мәлімет жоқ. Павлодардың облыстық ішкі істер департаменті аталған жол-көлік оқиғасы жайлы тексеріс жүргізуде.Сот медициналық сараптама тағайындалған.  Бұған дейін де Павлодарда екі оқушы қызды трамвай қағып кетіп,біреуі сол жерде қайтыс болған, екіншісі 19-қыркүйекте жазылып, ауруханадан шыққан. Қайтыс болған қыздың анасы сол қайғылы оқиғадан кейін Павлодарда тұра алмайтынын айтқан еді. Қала жұртшылығы,оқу орындарының қызметкерлері қызының қазасына қабырғасы қайысқан анасына «трамвайы жоқ» басқа қаладан баспана сатып алу үшін 11 млн.теңге қаржы жинап берген.
Оценить материал
0