Астанада өткен аптада 111 қылмыс тіркелді

Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі 2017 жылдың 30 желтоқсанынан 2018 жылдың 5 қаңтарына дейінгі атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Ведомстваның мәліметінше, өткен аптада көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда 111 қылмыс пен оқиға болып, 390 әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталды.
«Нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша 307 бұзушылық анықталды, ұсақ бұзақылық – 15, тыныштықты бұзу – 47, абаттандыру ережесі – 22, тыйым салынған жерлерде темекі шегу – 54, қоғамдық орындарда алкоголді ішімдік ішу – 147, сатуға болмайтын жерлерде сауда жасау – 22», – делінген ведомствоның хабарламасында.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі аясында 524 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 8 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 8 адам түрлі дене жарақатын алды, қаза тапқандар жоқ.
«Жаяу жол жүргіншілерінде екі ЖКО болды, қоғамдық көлік – 5, оның 4-і қоғамдық көліктердің кінәсінен, 2 қоғамдық көліктің кесірінен болған жол-көлік апатынан 2 адам зардап шекті», – делінген хабарламада.
Дереккөз:astana.gov.kz.