Наверх

Погода в Астане: 02 февраля, день: -11° 3 м/с02 февраля, вечер: -21° 3 м/с03 февраля, ночь: -23° 3 м/с03 февраля, утро: -24° 3 м/с

Астанада Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

1881
Фото:
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арынның төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кездесу барысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды оңалту және алдын алу саласындағы діни бірлестіктердің қызметін жетілдіру туралы мәселелері қаралды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің қызметкерлері елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту үшін қазіргі қоғам дамуының ақиқатын ескере отырып дін саласындағы заңнаманы одан әрі жаңғырту маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының, Қазақстанның православ шіркеуі, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері және сарапшылар жастарға рухани-адамгершілік білім беруде діни қауымдастықтар рөлін атап өтті. Сондай-ақ халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін жоғарылату бойынша және діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуда үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Іс-шара қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері көтерілген мәселелер туралы мемлекет пен дін арасындағы қарым-қатынастардың жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың ізбасарлары алдын алуға және оңалтуға бағытталған ұсыныстар жасады.  
Оценить материал
0