Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -19° 2 м/с07 декабря, ночь: -21° 2 м/с07 декабря, утро: -22° 3 м/с

Қазақстандағы ең үздік физика-математикалық мектеп Ақтөбеде

4285
Фото:
Білім беру қызметкерлеріне арналған Республикалық тамыз кеңесінде  Республика бойынша мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында 1 орынды Ақтөбе облыстық физика-математикалық мектеп-интернаты иеленді. Биыл ұстаздар арасында ең маңызды шара "Білім беру - болашақтағы мемлекеттің табысты факторы" тақырыбында Қаскелен қаласы Сүлейман Демирел атындағы университет базасында өтті. Сонымен қатар, 3 жүлделі орынды мамандандырылған мектептер арасында үш тілде оқытатын  №21 мектеп-гимназиясы иеленді. Тамыз кеңесіне ҚР Білім және ғылым Министрлігінен өкілдер, Астана және Алматы облыстық, қалалық білім беру басқармаларының өкілдері және  дарынды балаларға арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының өкілдері,  мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, сонымен бірге республикамыздың жоғары оқу орындарының ғалымдары. "Дарын"  жүйесі бойынша "100 Қазақстанның жаңа бейнесі" - жеке тұлғалардың тарихы"   тақырыбында  (инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыратын республикамыздың үздік педагогтары мен үздік педагогикалық ұжым галереясы)  экспозициялық көрме өткізілді. Көрмеде Ақтөбе облыстық "Дарын" орталығы дарынды балаларға арналған үздік орталықтардың бірі деп танылып, 2 орын иеленді. Жанар Мақсұтқызы  
Оценить материал
0