Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -19° 2 м/с07 декабря, ночь: -21° 2 м/с07 декабря, утро: -22° 3 м/с

Қазақстанда 2,5 миллион адам тұрғын үйге мұқтаж

3252
Фото:

Қазақстанда 2,5 миллион адам тұрғын үйге мұқтаж. Бұл - жалпы халық санының 14 пайызы. БҰҰ стандарттарына жету үшін 2030 жылға қарай тұрғын үй қорының жылдық өсімін бес есеге арттыру керек.

Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық қызметі хабарлайды. Тұрғын үймен қамтамасыз етудің БҰҰ стандарттарына сәйкестендіру үшін (әр тұрғынға 30 шаршы метрден), құрылыс белсенділігі жылына әр тұрғынға бір шаршы метрден келуі тиіс. Тұрғындар санының жыл сайын 1,5 пайызға өсуін ескере келе, мұндай құрылыс белсенділігі арқылы Қазақстан жоғарыдаға көрсеткіштерге 2035 жылдан кейін жете алады. 2016 жылдың соңында тұрғын үйге мұқтаж жандардың саны 2,5 млн.-ға жеткен болатын. Бұл - жалпы халық санының 14 пайызы. «2030 жылдың соңына қарай БҰҰ стандарттарына сәйкес болу үшін алдағы 14 жылда еліміздегі тұрғын үй қоры екі есеге ұлғаюы тиіс. Тұрғын үй қорының жылдық орташа өсімі 5 пайыздан кем болмауы қажет. Соңғы үш жылда жылдық орташа өсім көрсеткіші 0,7 пайыз деңгейінде болды», - дейді сарпшылар.

Соңғы үш жылда Қазақстандағы құрылыс белсенділігі 40 пайызға өсіп, 2016 жылдың соңында адам басына шаққанда 0,59 шаршы метрден келеді. 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында 6,2 млн. шаршы метр тұрғын үй алабы тапсырылды. Жыл соңына дейін құрылыс белсенділігін өз деңгейінде ұстап тұру үшін, кем дегенде 6 млн. шаршы метр тұрғын үй алабын тапсыру қажет. Бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін қала аумағына қарағанда құрылыс көрсеткіштері екі есе төмен ауылдық жерлерді дамыту керек.

Құрылыс белсенділігінің қазіргі көрсеткіштерін сақтай отырып, ауылдық аймақтар адам басына 1 шаршы метрден келетін көрсеткішке 2024 жылға қарай жетеді. Ал дәл осы көрсеткіштерге қалалық аймақтар келесі жылдың өзінде жетпекші. 2018 жылдан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық жерлерде орналасатын жеке тұрғын үйлер құрылысына көңіл бөліне бастайды.

Оценить материал
0