Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, ночь: -22° 2 м/с06 декабря, утро: -23° 2 м/с06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -20° 2 м/с

2018 жылдан бастап көшеде сауда жасауға тыйым салынады

2615
Фото:
«Қазақстан сауда кәсіпорындары» қауымдастығының вице-президенті Қайырлы Таукен елорданың медиа орталығына берген сұхбатында еліміздегі базарлардың келешегі туралы айтып берді.   «Елімізде базарлардың саны жылдан-жылға азайып барады. Егер 2004 жылы ресми тіркелген 935 базар болса, 2014 жылы – 752, 2015-те –717-ге дейін азайды. Бұлар – ресми тіркелген базарлар. Олардан бөлек, тіркелмегендері тағы бар», - дейді Қайырлы Кеңесбекұлы. Қазақстанда 1,5-1,7 млн. адам базардың арқасында күн көріп отыр деген деректі келтірген ол, базарлардан түсетін төлемдер мен салықтар туралы нақты мәліметтерді келтіру қиындығын жеткізеді. «Халықтың 70%-ы әлі де базарда сауда жасап, керек-жарағын алады. Олардың дені әлеуметтік аз қамтылған топ өкілдері – зейнеткерлер, студенттер, бюджет саласының қызметкерлері. Базарлардың ел экономикасында алатын орнын осыдан-ақ аңғара беріңіз», - дейді «Қазақстан сауда кәсіпорындары» қауымдастығының вице-президенті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда базарлардың екі түрі жұмыс істеп жатыр. Стационарлы және біріктірілген. Қазір сауда-саттық туралы заңнамаға өзгертулер мен түзетулер енгізілген. Сол өзгерістерге сәйкес, 2018 жылдан бастап Астана мен Алматыда, 2020 жылдан бастап барлық облыс орталықтарында көшеде сауда жасауға тыйым салынады. Сонымен қатар Қайырлы Кеңесбекұлы «Қазақстан сауда кәсіпорындары» қауымдастығының  атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды. «Алдағы уақытта базарлардың басшыларын жинап, кеңес құрмақпыз. Мемлекет басшысы міндеттегендей, кез-келген заңды түсінікті әрі қарапайым тілмен жеткізу керекпіз. Біз қазір сол жұмыспен айналысып келеміз. Әрине, бұл арада әкімдік те қалыс қалмаса деп тілейміз», - дейді Қайырлы Кеңесбекұлы.  
Оценить материал
0