Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -19° 2 м/с07 декабря, ночь: -21° 2 м/с07 декабря, утро: -22° 3 м/с

Көрменің ең үлкен еріктісі – 70-тен асқан зейнеткер

3569
Фото:
ЭКСПО сынды ауқымды шарада еріктілердің қызметі аса маңызды екені анық. Халықаралық көрме қонақтары белгілі бір павильонға қалай өту, қай жерде дәмді ас ішіге болады, экспозиция аумағында қандай қызықты шаралар өтетіні туралы ақпаратты волонтерлерден алады. Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесіндегі волонтерлер саны – 4 500, олардың 2 400-і Қазақстанның әр түрлі аймағынан келгендер. Ал көрменің ең үлкен волонтері 74 жаста. 4500 волонтер 3 ауысымда жұмыс істейді. Әрбір аусымда 1500 адам бар. Егер волонтер ауысым кестесіне қарамастан, ары қарай жұмыс істегісі келсе, өзі қалаған уақытқа дейін  ЭКСПО аумағында қалу мүмкіндігі бар. Осы орайда, Астанадағы көрмеде ауысымсыз шамамен 70 адам қызмет ететінін айта кеткен жөн. Елордадағы көрмеде шет мемлекеттердің де волонтерлері бар. Олар мұнда ауысыммен жұмыс істейді. Әр ай сайын 50 ерікті келеді. Олар Италия, Испания, Үндістан, Гана, Бразилия, Мексика, Австралия, Украина, Ресей, Армения, Әзірбайджан, Қытай, Жапония, Корея, Ауғанстан, Тәжікстан, Кения, Өзбекстан, Қырғыз елі, Непал, АҚШ, Германия, Молдова, Словакия, Словения, Польша, Луанда, Туркия, Никарагуа, Канада, Индонезия, Сингапур, Франция, Вьетнам елдерінің тұрғындары. Волонтерлер ЭКСПО қонақтарына көмек беріп қана қоймай, әр түрлі бағыттағы жобаларға қатысады. Олар: білім беру, әлеуметтік және мәдени жобалар. Мұндай топтардың саны – 15. Әрбір топты супервайзер бақылайды. Олардың саны – 150. Волонтерлік қызметті ұйымдастыруға дайындық көрмеден бұрын басталғаны анық. Бір жыл бойы еріктілер психологиялық дайындықтан өтіп, командада жұмыс істеуді үйренді. Волонтерге қойылатын негізгі талап – кәмелеттік жасқа жетуі, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі, көшбасшылық және команда құраушылық қасиеттерге ие болуы. ЭКСПО 2017 көрмесі аяқталғаннан кейін волонтерлік жұмыстың қорытындысы шығады. Ең белсенді еріктілер аранайы сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталады.  
Оценить материал
0