Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -19° 2 м/с07 декабря, ночь: -21° 2 м/с07 декабря, утро: -22° 3 м/с

"Ақылды жүйенің" ақысы қашан өзгереді?

3546
Фото:
«Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайындағы көлік тұрағының тарифтеріне қатысты мәселе қоғамда әлі қызу талқылануда. Бұған дейін әуежайдағы паркоматтар 57 000, 102 000, 42 000 теңгені «көрсетіп», көлік иелерін де, желідегі жұртты да біраз шулатты. Бұл мәселеге қатысты «Астана LRT» компаниясының өкілдері әуежай азаматтарға бірнеше тұрақ түрін ұсынатынын айтып отыр. Белгілі болғандай, әуежайда үш тұрақ түрі бар. Олардың әрқайсының тарифтері мен көлік қалдыру шарттары әр түрлі. Жолаушы өзіне қажеттісін таңдай алады. Дегенмен бұл ақпарат әуежайға келіп-кетушілерге толық берілмегендіктен, жолаушылар қысқа мерзімге арналған автотұрақтарға көлігін бірнеше тәулікке тастап кеткен жағдайлар тіркелді. «Астана LRT» Жолаушылар тасымалы бөлімінің Бейбіт Есжановтың айтуынша, осы уақытқа дейін шамамен 10 адам көлігін ұзақ мерзімге қойып кеткен. Сонымен қатар  «Астана LRT» ЖШС Жолаушылар көлігі бөлімінің маманы Әбдіхамит Тамабаевтың айтуынша, компания автотұрақ түрлері мен тарифтері туралы ақпараттық жұмыстарды жалғастырылуда. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің өткізілуі қарсаңында, әуежай маңындағы автотұрақ белгіленген уақытынан ертерек ашылған болатын. Қазіргі уақытта қайтадан мониторинг жасап, қандай кем-кетіктері бар, қандай жұмыстарды жетілдіру керек, осы боынша атқарылатын жұмыс тізімі жасақталуда. Әлі де уақыт келе, тәжірибеге байланысты көпшілік сұрауы мен талқылауы, қоғамдық ұсыныстар ескеріліп, қосымша өзгертілулер енгізіледі», - деп атап өтті ол. «Астана LRT» өкілі тұрғындар мен қала қонақтарынан әуежайға кіреберістегі ақпараттық стендтерді мұқият оқуды сұрап отыр. Сонымен қатар терминал талонында көрсетілген мағлұматқа да ден қойған дұрыс. Әбдіхамит Тамабаев қысқа мерзімге арналған автотұраққа көлігіңізді тастап кетсеңіз, «тәулігіне 33 мың теңге төлейтініңізді» тағы бір ескертті. Сондықтан әуежайда тәулігіне 2000 теңгелік жабық автотұрақтың бар екенін естеріңізге саламыз. Жұртшылықтың наразысын тудырған мәселе қатарында автотұрақ тарифі мәселесі де бар. Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Егембердиновтың айтуынша, алдағы уақытта автотұрақ тарифі өзгеруі мүмкін. Бүгінгі жоғарғы тариф – заңсыз таксистермен күрес жүргізу үшін бекітіліп отыр. «Алдағы уақытта біріккен жұмыс топтарында бұл мәселелер шешімін табады», - деді Бекмырза Егембердинов. Мұндай келеңсіздіктер әлем елдерін аузына қаратып, халықаралық көрме ұйымдастырып жатқан еліміздің абыройына сын келтірері сөзсіз. Баға, тариф саясатын белгілеуде «халықаралық деңгейді» алға тартатын компания өкілдері қызмет көрсету, халықты ақпараттандыру мәселесіне келгенде немқұрайлық танытқаны өкінішті. Сонымен қатар «Астана LRT» өкілдері автотұрақ ашылысымен, әуежайға кіреберістегі тарифтер туралы ақпараттың қазақ тіліне дұрыс аударылмағанын мойындап отыр. Дәл осы мәселе де жолаушылар тарапынан түсінбеушілік тудырған еді. Мәселен, «әр сағатына 1500 деңгеден төлейсіз» деген ақпараттың орнына «сағат 1-ден бастап» деп беріліп келді. Қазір ол олқылықтың да орны толтырылды. Сонымен, «Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайындағы көлік тұрағы бойынша төмендегі ақпаратты ұсынамыз:
  1. P-1 - 806 орындық ақылы тұрақ - жолаушыларды отырғызу/түсіруге арналған. Яғни, жолаушыны күтіп алуға, шығарып салуға немесе басқа да ұзақ уақытты талап етпейтін қызметтер үшін пайдалансаңыз болады. Тұрақ аумағында көлікті қою алғашқы 30 минуты - тегін. Әрі қарай: бірінші сағаты – 300 теңге, екі сағат - 400 теңге, ал көлігіңізді 2 сағаттан артық уақытқа қойсаңыз, әр сағатына - 1500 теңгеден төлейсіз. Бір тәуліктен астам уақытқа қалдырылған көлікке - әр сағатына 2500 теңгеден төленеді. Атап өтейік, дәл осы P-1 тұрағы мен ондағы көрсетілген шарттар – көптеген даудың туындауына себепші болды.
  2. Р-3 - 266 орындық, бейнекамерасы бар, жабық тұрақ. Мұнда көлігіңізді тәулігіне - 2000 теңгеге қалдыра аласыз. Алғашқы 3 сағатына - 1000 теңге, 12 сағатқа дейін 1500 теңге, 24 сағаты - 2000 теңге, ал бір тәуліктен де ұзақ уақытқа қалдырсаңыз, ары қарайғы әр тәулікке 1800 теңгеден қоса төлейсіз. Дәл осы автотұрақ тарифі мен шарттары туралы ақпарат әуежай аумағында орналаспаған.
  3. Р-6 - 543 орындық, ақысыз тұрақ. Терминалдан сәл әріректе орналасқан.
Атап өтейік, осыған дейін әлеуметтік желі қолданушылары әуежайдағы автотұрақ бағасының тым қымбаттығын айтып, «Астана LRT» компаниясына шағымданған еді. Сонымен қатар әуежайдағы қызмет көрсету сапасын көтеру мәселесі де қоғам назарынан тыс қалмады. Жанар Мақсұтқызы
Оценить материал
0