Наверх

Погода в Астане: 04 декабря, ночь: -21° 3 м/с04 декабря, утро: -20° 4 м/с04 декабря, день: -15° 4 м/с04 декабря, вечер: -15° 3 м/с

Қоғамдық кеңес сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесін қарады

3478
Фото:

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланды.

Отырыста Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ведомствода жүйелі шараларды қабылдау мәселелері жөніндегі есебі тыңдалды. Бекшиннің айтуынша, Комитет 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Министрліктің 2017 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізуде.

Биылғы жылдың басынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау, білім беру және көрсетілетін қызметтер саласындағы 29 ескірген және қайталанатын санитарлық қағидалардың күшін жойған.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің айтуынша, сауда саласында камералдық бақылау және өнімді сатып алу жүргізілуде, яғни сапасыз өнім анықталған объектілер ғана тексеріледі. Ерекше тәртіп бойынша бақылаудың осындай балама нысандарын енгізу есебінен тексерулер саны 2 есеге дейін қысқарған.

Сонымен қатар, бизнесті тексерулер саны 1,7 есеге қысқарды, бұл 1500 денсаулық сақтау объектісін және 400-ден астам зертхананы бақылаудан шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Қабылданатын шаралар бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені азайту және кәсіпкерлердің шығынын қысқартуға ықпал етеді.

2017 жылдың 9 айы ішінде берілген рұқсат құжаттарының саны 15 %-ға қысқарып,мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетпеу фактілері бойынша анықталған бұзушылықтар саны 36 –ға, шағымдар санының өткен жылға қарағанда 1,5 есеге азайғанын айта кету қажет. Бұл көрсеткіш мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралардың оң нәтиже беріп жатқанын дәлелдейді.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин қайта реттеу шеңберінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен (ҚСжАЕК) бірлесіп ІІМ-нің аналогиясы бойынша жергілікті жерлерде инспекторлардың қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, ол Кәсіпкерлік субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграциялауды көздейтінін мәлімдеді. Сонымен бірге, халықтың сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында департаменттердің басшыларына ай сайын халық пен бизнес қоғамдастығы үшін ашық есік күндерін өткізу туралы тапсырма берілген.    

Оценить материал
0