Мәшһүр Жүсіп мешітінде екінші тегін жатақхана ашылды

Бұған дейін бір жыл бұрын студент жігіттерге арналған жатақхана ашылған. Онда жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері тұрып жатыр, деп хабарлайды Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз қызметінен.
Екі қабатты ғимарат өткен жылы іске қосылған ұлдарға арналған жатақхана маңында орналасқан. Осы екі ғимараттың да электр, қуат, суы және тағы да басқа да барлық коммуналдық төлемдерін есімін жария етпей отырған кәсіпкер өзі төлеп отыр.
Жатақханада тұру тегін, барлық жағдай жасалған, тегін азық- түлікпен де көмектесіп тұрады. «Жатақхананы ашудағы ең негізгі мақсат-студенттерді тұратын жермен қамтамасыз ету, адамгершілікке, мəдениеттілікке, қазақ халқының салт-дəстүрін жəне де отанға деген сүйіспеншілікке, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету», - дейді ҚМДБ Павлодар облысы бойынша өкілі Нариман қажы Исенов
Қыздар жатақханасындағы студенттер сабақтан бос уақыттарында «Мəшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы Кажуева Жұлдызбен қол өнер шығармашылығы жəне де ас дайындау, сонымен қатар спорттық іс-шаралармен айналысады.
30 адамға арналған қыздар жатақханасында қазіргі таңда 24 қыз тұрып жатыр. Ал 60 ер адамға арналған бөлмелерде 20-ға жуық жігіттер тұрады.Тегін жатақханада тұрып жатқан жастардың басым бөлігі жағдайы төмен отбасылардың балалары.
Баспанаға мұқтаж студенттерге арналған бұл тегін жатақхана Қазақстан бойынша алғаш рет ашылып отыр. Мұнда тек қана баспана берілмей, жастармен тәрбие жұмысы, соның ішінде спорттық, мәдени іс-шаралар үздіксіз жүргізіледі.