Наверх

Погода в Астане: 01 июня, ночь: +19° 4 м/с01 июня, утро: +23° 4 м/с01 июня, день: +30° 5 м/с01 июня, вечер: +25° 5 м/с

ҚМДБ: Өрттен қаза болғандарға дұға жасалды

3046
Фото: muftyat.kz.

Бүгін, жұма намазында еліміздің барлық мешіттерінде төтенше жағдай нәтижесінде өмірден озған өзбек ағайындарға арнайы дұға жасалды, деп хабарлайды muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысындағы жолаушылар көлігінің өртеніп кетуіне орай орын алған төтенше жағдай нәтижесінде өмірден озған бауырларымыздың қайғысына ортақтасып, Өзбекстан мұсылмандарына хат жолдады.

Сонымен қатар, Бас Мүфти Серікбай Ораз еліміздің барлық имамдарына бүгінгі жұма намазында қаза болған өзбек ағайындардың рухына дұға бағыштауды сұрап, жедел хат жолдады.

Осы аптаның бейсенбісінде Шымкент қаласынан Қазан қаласына жол тартқан жолаушылар көлігі Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өртке оранып, 52 Өзекбастандық азамат қаза болды.

Оценить материал
0