Наверх

Погода в Астане: 04 июня, ночь: +22° 5 м/с04 июня, утро: +27° 5 м/с04 июня, день: +34° 5 м/с04 июня, вечер: +28° 4 м/с

ОҚО-да заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы мобильдік топтар құрылды

2327
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Оңтүстік Қазақстан облысында өңір басшысының тапсырмасына орай облысаралық және халықаралық бағыттағы қоғамдық көліктерге бақылау жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған орай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйытқы болуымен Шымкент көлік прокуратурасының, ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік полиция басқамасы және облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті. Нәтижесінде заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2 мобильдік  топ құрылды.

Облыс бойынша рейдтік шаралар ағымдағы жылдың 19 қаңтарынан бастап жүргізіліп келеді. Аталған мерзімнен бастап 1 ақпанға дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 1091 хаттама түзілген. Оның ішінде тікелей жолаушылар көлігіне қатысты 157 хаттама толтырылып, 2 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оценить материал
0