Қарағандыда жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету орталығы ашылады

Жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету орталығы Қарағандыда биылдан бастап жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды облыс әкімінің ресми сайты.
Орталықты ашу жоспары туралы бөліскен Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиевтың айтуынша, қазіргі таңда республикамызда «111» жедел қызметі жұмыс істейді. Бұл бала құқығы бойынша уәкілетті штаб-пәтер үйлестіретін сенім телефоны.
- Қарағандыда даярлықтан өткен психологтар жүмыс істейтін ахуалдық орталық ашқымыз келеді. Ол жасөспірімдеріміздің тек республикалық орталықта ғана емес, сонымен қатар бізде де көмек алуға мүмкіндіктері болуы үшін керек, - дейді облыс білім басқармасының басшысы.
Оның мәлімдеуінше, жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу бағдарламасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту мақсаттарына 20 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі таңда аймақта 45 білікті мектеп психологтары жетіспейді.