Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

Астанада «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу шарасы өтуде

2558
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

19-21 ақпан аралығында елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Қауіпсіз жол» шарасы барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының көбеюіне себеп болатын жол қиылысындағы ережені өрескел бұзуды анықтауға бағытталған  бірқатар рейдтер жүргізуде.

Шара барысында  автожолдарда Астана қаласы ІІД жол патруліндегі аппарат қызметкерлерінің қадағалау жұмыстарының ауқымы күшейтілді.

- Полицейлер автокөлік жүргізушілерін алкогольді ішімдік ішкен күйде жүргізіп жол ережесін бұзуды, жол қиылысындағы ережені бұзу, рұқсат берілген жылдамдықты жоғарылату, басып озу ережелерін бұзу, қарсы жолға шығу, жаяу жүргіншілер жол қиылысынан өтіп кету, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау сияқты жол ережелерін бұзуға қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау мен оларды болдырмауға баса назар аударады, – делінген баспасөз хабарламасында.

Оценить материал
0