Наверх

Погода в Астане: 02 июня, день: +34° 4 м/с02 июня, вечер: +29° 3 м/с03 июня, ночь: +23° 5 м/с03 июня, утро: +27° 5 м/с

Балалардың демалысы мен жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтеді

3050
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2018 жылғы 13 сәуірде «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында 2018 жылға арналған жазғы демалыс кезеңінде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өткізеді, деп хабарлайды Объектив.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинар-кеңестің жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысады.

Балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға жауаптылардың алдындағы басты мақсат – олардың толыққанды және белсенді демалысы үшін қауіпсіз жағдайларды жасау.

Балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға жауапты барлық қызметтерді үйлестіру мәселелері семинардың пленарлық бөлімінде қарастырылатын болады.

Семинар-кеңес мастер-класстарды, балаларды сауықтыру лагерьлердің қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасудың және үйренудің ең тиімді әдістерді қарастыратын тақырыптық секциялардың жұмыстарымен жалғасады.

Семинардың шеңберінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаттығу іс-шаралар өткізіледі.

Оценить материал
0