Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, ночь: -22° 2 м/с06 декабря, утро: -23° 2 м/с06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -20° 2 м/с

Вирусты гепатит В-ға қарсы вакцинаны жеткізу қыркүйекте басталмақ

2628
Фото:
Вирусты гепатит В-ға қарсы вакцинаны сатып алу рәсімдері тамызда аяқталады, содан кейін вакцина елдің медициналық ұйымдарына жеткізіледі. «СҚ-Фармация» басқарушы директоры – басқарма мүшесі Әсемгүл Ержанованың айтуынша, вирусты гепатит В-ға қарсы вакцинаны (ВГВ, рекомбинантты) сатып алуға тендерлік рәсімдер бірнеше рет жарияланды, алайда өнім берушілерден төмен бағалардың кесірінен тендерге қатысу өтінімдері келіп түспеді. «Вакциналар сатып алудың маңыздылығын ескере отырып, денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 11 мамырдағы бұйрығымен, вакцинаға шекті баға, дозасына 148,22 теңге-ден 420,0 теңгеге дейін ұлғайтылды», - деп түсіндірді Әсемгүл Ержанова. 30 мамырдағы бағаны қайта қараудан кейін бірыңғай дистрибьютор екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып жаңадан тендер жариялады, конверттерді ашу нәтижелері бойынша «Фармактив» ЖШС әлеуетті өнім берушісінің, Эувакс В сауда атауымен, В гепатитінің алдын алу үшін рекомбинантты вакцинасы ұсынылды, өндіруші LG Life Sciences Ltd., Корея Республикасы. «СҚ-Фармация» басқарушы директордың айтуынша, қазіргі кезде бірыңғай дистрибьютор осы вакцина бойынша сатып алу рәсімдерін аяқтайды. «Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына вакциналарды жеткізу қыркүйекте басталады, содан кейін препарат бірден қажеттілігі бар медұйымдарға жөнелтіледі», - деп толықтырды Әсемгүл Ержанова. Вирусты гепатит В-ға қарсы вакцинаны сатып алуда туындаған мәселелер  бұрын да денсаулық сақтау министрлігінде қаралған. Вакцинаны сатып алу аяқталмайынша, мәселені шешу үшін, денсаулық сақтау басқармаларымен вакциналардың қоры бар аймақтардан қазірдің өзінде қажеттілігі пайда болған өңірлерге препаратты қайта бөлу мүмкіндігі ұсынылды. Вакциналарды қайта бөлу төрт аймақта жүзеге асырылды. Айта кетейік, жыл сайын бірыңғай дистрибьютор шамамен 20 шақты вакцина сатып алады. Олардың тізімі, шекті бағасын көрсете отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен сатып алуды жүзеге асыру үшін бірыңғай дистрибьюторға жолданады. Жанар Мақсұтқызы   
Оценить материал
0