Наверх

Погода в Астане: 19 августа, ночь: +19° 2 м/с19 августа, утро: +18° 4 м/с19 августа, день: +23° 5 м/с19 августа, вечер: +18° 3 м/с

Үнді хирургы 11 қазақстандық балаға операция жасайды

808
Фото: Әкімдіктің сайтынан.

Отоларингология саласында әлемдік деңгейдегі маман Ашеш Бхумкар есту қабілетін қалпына келтіру үшін Астанада 11 балаға жоғары технологиялы операция жасамақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиаорталығы хабарлады.

«Дәрігер Ашеш Бхумкар қазақстандық дәрігерлерді есту қабілетін қайта қалпына келтіру әдісі бойынша оқытады. Іс-шараға ресейлік дәрігерлер де қатыспақ. Операцияға дабыл жарғағы, протезден жасалған есту сүйегі, есту жолы т.б. жаңалықтар енгізіледі», - дейді «Макротия и атрезия» ҚБ төрайымы Малика Сұлтан.

Оның айтуынша, есту жолын әлемде тек таңдаулы дәрігерлер ғана аша алады. Сондықтан, есту қабілетін қайта қалпына келтіру операциясы өте қымбат  86 мың доллар тұрады. Ал дәрігер Бхумкар кішкентай балалардың операциясын 40 мың долларға жасауға келісіп отыр.

Шеберлік сыныбы барысында Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы базасында республика бюджетінен 11 балаға операция жасалады. Бұл операция Қазақстан мен Орталық Азияда бірінші рет жасалынғалы отыр. 

Қазақстанда «Микротия атрезия» диагнозымен 700 бала тіркелген.

 «Осындай операцияның арқасында науқас балалар кәдімгі құлаққа ие болады. Ол табиғи тін, сондықтан қорқудың қажеті жоқ және ең бастысы құлаққа баланың өз құлақ терісін пайдаланады. Теріні ағзасындағы басқа жерінен алмайды», - дейді дәрігер Бхумкар.

Операциядан кейін барлық пациенттер ғылыми орталықтағы стационардан оңалтудан өтеді және алты аптадан кейін хирургтың кеңесін алуға келеді. 

 

Оценить материал
0