Наверх

Погода в Астане: 27 июня, день: +13° 8 м/с27 июня, вечер: +13° 5 м/с28 июня, ночь: +12° 5 м/с28 июня, утро: +13° 8 м/с

Сәби сүйгіңіз келсе, тегін тексеріліңіз

2092
Фото: Ашық ақпарат көзінен.

Астананың № 6 емханасында бала туу жасындағы әйелдердің ауруын бастапқы кезеңде анықтайды. «Анамның жүрегі» қайырымдылық акция ҚР Тәуелсіздік күніне арналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы. 

№6 қалалық емхананың бас дәрігері Динара Байсеркинаның айтуынша,өткізіліп отырған шараның мақсаты бала тууға қабілетті әйелдерді сауықтыру. Оған кез келген әйел келіп, гинеколог, маммолог, невропотолог, эндокринолог және терапевтің кеңесін ала алады. Тексеру қайырымдылық негізде ақысыз жүргізіледі. Біз, әйелдердің ауруын дер кезінде анықтап, барлық талаптарға сәйкес емдеуді көздейміз. 2013 жылы акцияны 17-ден бастасақ, биыл 70-тен астам адам мамандардан кеңес алды- деді  бас дәрігер. 

Медициналық мәселелер бойынша   жоғары сыныпты және жоғары білікті санатқа жататын 20-дан астам маман тұрғындарға кеңес береді.

Оценить материал
0