Наверх

Погода в Астане: 01 февраля, вечер: -15° 3 м/с02 февраля, ночь: -21° 3 м/с02 февраля, утро: -22° 2 м/с02 февраля, день: -11° 2 м/с

Бүгін - халықаралық үйсіз жануарлар күні

6907
Фото:

Әлемдегі ең алғашқы жануарларды қорғау үйі 1695 жылы Жапонияда құрылған. Жалпы бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күні (International Homeless Animals Day) мереке емес, үй-күйсіз жүрген жануарлар мәселесіне көңіл аудару мақсатында аталып өтеді. Аталмыш күн 1992 жылы Халықаралық Жануарлар құқығын қорғау қоғамының ұсынысымен белгіленген. Әлем бойынша бұл күні қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, еріктілер концерт, аукцион  өткізіп, түскен қаражат жануарларға жұмсалады. Әлемдегі ең алғашқы жануарларды қорғау үйі  1695 жылы Жапонияда құрылған. Онда 50 мың үй жануары болған. Ал, жануарларды зорлықтан қорғау туралы заң алғаш рет 1822 жылы  Ұлыбританияда шыққан. Ал, Австралияда ит-мысықтардың құлағын, құйрығын кесуге, жыртқыштарды цирк өнеріне пайдалануға, күшіктер мен мыржықтарды зоодүкендердің сөрелерінде сатуға тыйым салынған. Сол сынды біз елордамызда да үйсіз жануарларға қамқорлық аз емес. Мәселен, оларға арналған мемлекеттік орталық пайда болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылады.  Орталыққа қажет жер арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ауданында бөлінді. Жаңа орталықта үнемі төрт жүзге жуық ит пен жүзге жуық мысық ұсталатын болады. Орталық аумағында ит пен мысықтарды жаттықтыруға арналып жабдықталған аула болатынын айтады «Астана ветсервис» өкілі. Жануарлар үйі жартылай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету арқылы өзін-өзі қамтамасыз етеді. «Онда байланыс жануарлар бағы, үйрету алаңдары, карантинді бөлік және жануарларды стерильдеу блогы болады. Бұл иесіз жануарлардың көбеймеуі үшін стерильдеу жүргізіледі», – дейді А.Арыстанов. Жануарларға пана болатын орталықты салу идеясын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ұсынған болатын.  

Оценить материал
0