Наверх

Погода в Астане: 06 декабря, день: -17° 2 м/с06 декабря, вечер: -19° 2 м/с07 декабря, ночь: -21° 2 м/с07 декабря, утро: -22° 3 м/с

Фируза Шарипова бокстан әлем чемпионы атағына күреседі

1862
Фото:
26 тамыз Астанадағы халықаралық EXPO-2017 көрмесі аясында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бірінші жарыста Қазақстанның 22 жасар кәсіби боксшы қызы Фируза Шарипова әлем чемпионы атағына күресетін болады, - деп хабарлайды ЭКСПО-2017 медиа орталығы. Кештің ұйымдастырушылары: халықаралық EXPO-2017 көрмесі және Фируза Шарипованың командасы. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания Басшысы Ахметжан Есімов Шарипованың командасымен кездесіп, әлемге әйгілі отандық спортшылар мен ЭКСПО көрмесінің мақсаты бір екенін атап өтті. Ол – Қазақстанның атын халықаралық деңгейге шығару. «Мен өз елімді жерге қаратпаймын, мен жақсы бокс көрсетемін!»- деп атап өтті Фируза Шарипова. Кәсіпқой бокс EXPO-2017 аумағындағы өзіне 6 мың көрермен жинай алатын Амфитеатрде өтетінін еске саламыз. Фируза Шарипова 10 жастан бастап бокспен айналыса бастады. Әуесқой мансап жолында екі рет Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері және әлем чемпионатының шәкірті болды. 2016 жылдың 21 мамырында Мәскеу қаласында кәсіқой бокста Денис Лебедев пен Виктор Рамирес өткізген ауқымды кездесудің андеркарды атанған Олимпиаданың күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы Ресейлік София Оличивамен жұдырықтасты. Содан кейін, ол Испанияда, Қазақстанда және Ресейде жұдырықтасты. 29 маусымда Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде Фируза Ресейлік Бианка Пряшканы бірінші раундтан кейін жеңді. 26 тамызда өткен жекпе-жектен кейін ол Қазақстанда әйелдер арасында кәсіби бокстан бұл атаққа бірінші болып қол жеткізуі мүмкін. Жанар Мақсұтқызы
Оценить материал
0