Қоғамдық ұйым «Сарыарқа» хоккей клубын сенімді басқаруға алды

«Сарыарқа» хоккей клубы жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде келешекте сатып алу құқығымен 5 жылға сенімді басқаруға берілді, деп жарияланған облыс әкімдігінің сайтында. Саудада спорттық нысанның құны 6 есе өсті.
«Сарыарқа» хоккей клубы» ЖШС жарғылық капиталында 100 пайыздық қатысу үлесін келешекте сатып алу құқығымен сенімді басқаруға беру бойынша тендер 2017-ші жылдың 17-ші қарашасында өтті. Келісімшартқа 22-ші қарашада қол қойылды. Нысанның бастапқы құны 161 млн 193 мың болғанымен жеңімпазға 980 млн теңгеге сатылды.
Хоккей клубының сенімді басқарушысы «Спортивный клуб «SARYARKA» қоғамдық бірлестігі болды. Басты шарт – спорт саласындағы бағытын сақтап қалу. Сонымен қатар сенімді басқарушы спортшылардың және жаттықтырушы-оқытушылар құрамынның біліктілігін арттырып отыруы тиіс.