Наверх

Погода в Астане: 19 мая, вечер: +15° 9 м/с20 мая, ночь: +10° 5 м/с20 мая, утро: +13° 9 м/с20 мая, день: +17° 11 м/с

Санкт-Петербургте Консультативтік Кеңес өтеді

930
Фото: Министрліктің сайтынан

Бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің осымен 30-шы рет кездесуі,деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Кеңес жұмысына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысады.

ТМД мемлекеттерінің тиісті министрліктері мен ведомстволарының басшылары және сарапшылары әлеуметтік-еңбек және көші-қон саласындағы өзекті мәселелерді талқылайтын болады.

Консультативтік кеңестің мақсаты - еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік, еңбек қорғау, жұмыспен қамту проблемаларын шешу, көші-қон, халықтың әлеуметтік жағдайын және радиация зардабын тартқа азаматтардың денсаулығын қорғауда, өзара іс-қимылда келісілген саясат пен шараларды одан әрі дамыту болып табылады. 

Кеңес аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың РФ Еңбек министрлігінің басшысы Максим Топилинмен екі жақты кездесуі жоспарланған.

Оценить материал
0